Денис Евсеев Испаниядағы челленджер турнирін сәтті бастады

Денис Евсеев
Фото: ҚТФ

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық, әлемнің 184-ракеткасы Денис Евсеев Жирона (Испания) челленджер турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады.

Іріктеу сайыстарының 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 490-орында тұрған франциялық Кенни Де Схеппермен өткізді.

Д.Евсеев қарсыласын 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсеке барысында ол эйс жасамағанымен, 8 брейк-пойнттың тең жартысын өз есебіне жазды. Франциялық спортшы 9 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.

Денис Евсеев іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 327-ракеткасы, румыниялық Сезар Крецумен шеберлік байқасады. Оны ұтса, негізгі додаға қосылады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Майамиде Елена Рыбакинаның 16 эйс жасап, 1/8 финалға шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Майами турнирінде Юлия Путинцева төртінші айналымға жолдама алды.

Майами турнирінде әлемнің 2-ракеткасы жарыс жолынан шығып қалды.

Соңғы жаңалықтар