Денис Евсеев Испаниядағы турнирдің ширек финалына өтті
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық теннисші, әлемнің 258-ракеткасы Денис Евсеев Мурсия (Испания) челленджер турнирінің ширек финалына шықты.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 151-інші, осы жарыстың 8-ракеткасы, франциялық Кириан Жакемен кездесті.
Бірінші партияда франциялық спортшы 6:4 есебімен басым түссе, екіншісінде Евсеев есе қайырды — 6:3. Бұдан кейін Жаке матчты жалғастырудан бас тартты.
Бір сағат 21 минутқа созылған бәсеке барысында Евсеев 2 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Жаке 2 эйс, 5 брейкпен (12 брейк-пойнт) көзге түсті.
Денис Евсеев жартылай финалға шығу үшін рейтингіде 318-орындағы ресейлік Иван Гаховпен шеберлік байқасады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Рыбакинаның Қазақстан намысын қорғау үшін өзі чемпион болған жарысқа қатыспайтынын жазған едік.