11:34, 02 Қаңтар 2024 | GMT +5
Денис Евсеев Канберрада екінші айналымға өтті
Қазақстандық, әлемнің 190-ракеткасы Денис Евсеев Канберра (Аустралия) челленджер турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Kazinform.

Доданы іріктеу сайыстарынан бастаған қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 119-шы, осы жарыстың 8-ракеткасы, словакиялық Алекс Молчанмен кездесті.
Д.Евсеев 7:5, 6:4 есебімен басымдылық танытты. Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсеке барысында ол 8 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. А.Молчан 1 эйс, 1 брейкпен (5 брейк-пойнт) шектелді.
Денис Евсеев ширек финалға шығу үшін әлемнің 167-ракеткасы, чехиялық Якуб Меншикпен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингіде жоғарылағанын жазған болатынбыз.