Денис Евсеев Қытайдағы челленджер жарысын жеңіспен бастады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық, әлемнің 184-ракеткасы Денис Евсеев Шэньчжэнь (Қытай) челленджер турнирінің екінші айналымына жолдама алды.

Денис Евсеев Испаниядағы турнирде кезекті жеңісіне қол жеткізді
Фото: ktf.kz

Денис бастапқы кездесуінде дүниежүзілік рейтингіде 401-сатыда тұрған түркиялық Алтуг Челикбилекті 3:6, 6:1, 6:4 есебімен жолдан тайдырды.

Сағат жарымға созылған кездесуде Евсеев 5 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың алтауын мүлт жіберген жоқ. Челикбилек 9 эйс, 4 брейкпен (7 брейк-пойнт) ерекшеленді.

Денис Евсеев ширек финалға шығу үшін әлемнің 262-ракеткасы, аустралиялық Филип Секуличпен шеберлік таластырады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мадрид мастерс турнирінде Бублик пен Шевченконың кімдермен ойнайтынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Юлия Путинцева Мадрид мастерс турнирінің екінші айналымына өтті.

Тимофей Скатов Чехиядағы турнирдің ширек финалына шықты.