20:04, 12 Қазан 2023 | GMT +5
Денис Евсеев Қытайдағы турнирдің 1/4 финалына шықты
Қазақстандық теннисші Денис Евсеев жұптық сында Қытайдағы Шэньчжэн челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Kazinform.

Қазақстандық теннисші ресейлік Алибек Качмазовпен бірге бастапқы кездесуін сәтті өткізді.
Қазақстандық-ресейлік жұп 53 минутқа созылған кездесуде белоруссиялық Николай Галак – вьетнамдық Нам Хоанг Лиді 6:4, 6:1 есебімен тізе бүктірді. Евсеев пен Качмазов 3 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді.
Денис Евсеев – Алибек Качмазов жартылай финалға шығу үшін аустралиялықтар Люк Сэвилл - Ли Тумен таласады.
Осы жарыста Д.Евсеев жекелей сында да ширек финалға өткен еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бейбіт Жұқаевтың Қытайдағы турнирде жарыстың 1-ракеткасын жолдан тайдырғанын жазған болатынбыз.