Денис Евсеев Пәкстандағы челленджер турнирінің ширек финалына шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Исламабад (Пәкстан) челленджер турнирін сәтті бастады.
Қазақстандық спортшы жұптық сында чехиялық Доминик Паланмен бірге алғашқы айналымда аустралиялық Лоуренс Батальин — италиялық Леонардо Бореллиден айласын асырды.
Бірінші партияда 7:5 есебі тіркелсе, екінші сетте де қазақстандық-чехиялық жұп есесін жіберген жоқ — 6:3.
Небәрі 58 минутқа созылған бәсекеде Евсеев — Палан 2 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Батальин — Борелли 5 эйспен көзге түсті.
Денис Евсеев — Доминик Палан жартылай финалға шығу үшін болгариялық Динко Динев — аустриялық Маттиас Уйварумен таласады.
Әлемнің 401-ракеткасы Денис Евсеев жекелей сында да бастапқы кездесуін жеңіспен түйіндеді. Ол рейтингіде 1151-орында тұрған ресейлік Иван Грецкийді 1 сағат 33 минутта 7:6 (9:7), 6:3 есебімен ұтты.
Денис Евсеев жекелей сында екінші айналымда пәкстандық Музаммил Муртазамен кездеседі. Оны ұтса, ширек финалға өтеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның әлемде эйс саны жөнінде үздік атанғанын жазған едік.