Денис Евсеев Португалиядағы жарыстың финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші Денис Евсеев жұптық сында Оэйраш (Португалия) челледжер турнирінің финалына жолдама алды.

 Денис Евсеев
Фото: Sports.kz

Д.Евсеев жапониялық Каити Утидамен бірге үш кездесуін сәтті өткізді.

Қазақстандық-жапониялық жұп алғашқы айналымда жарыстың 2-ракеткалары, швециялық Филип Бергеви – даниялық Йоханнес Ингильдсенді камбэкпен ұтты – 2:6, 6:3, 11:9. 
Ширек финалда сербиялықтар Иван мен Матей Шабановтарды сүріндірді – 6:2, 3:6, 10:5.
Жартылай финалда испаниялықтар Иниго Сервантес – Даниэль Ринконнан айласын асырды – 6:3, 7:6 (7:5).

Денис Евсеев – Каити Утида финалда америкалықтар Джордж Голдхофф – Трей Хильдебрандпен бас жүлде үшін таласады. 

Осы додада Д.Евсеев пен тағы бір қазақстандық Бейбіт Жұқаев жекелей сында алғашқы айналымнан аса алмады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Аделаидада жарыстың 1-ракеткасымен ойнағанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар