Денис Евсеев Түркияда Ыстанбұл жарысының ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші алдымен әлемнің 217-інші, осы жарыстың 8-ракеткасы, словакиялық Норберт Гомбошты 4:6, 6:1, 6:2 есебімен жолдан тайдырды.
Бүгін Д.Евсеев екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 669-сатыда тұрған түркиялық Корай Кирчимен бақ сынасты.
Денис 1 сағат 21 минутқа созылған матчта 6:2, 7:6 (7:3) есебімен жеңіске жетті.
Денис Евсеев жартылай финалға шығу үшін әлемнің 155-інші, доданың 3-ракеткасы, тағы бір словакиялық Лукаш Клейнмен таласады.
Соңғы кезде тым-тәуір өнер көрсетіп жүрген қазақстандық теннисші ATP Live рейтингісінде қазіргі таңда 258-орынға көтеріліп тұр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Испаниядағы турнирде қазақстандық теннисшілердің өзара кездесетінін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Новак Джокович теннистен әлем рекордын орнатты.