11:14, 14 Наурыз 2013 | GMT +5
Денис Тен әлем чемпионатының қысқа бағдарламасында екінші болды
АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстандық Денис Тен канадалық Лондонда өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының қысқа бағдарламасында екінші нәтижені көрсетті, деп хабарлады Vesti.kz тілшісі.

Қысқа бағдарламада ерлердің жеке өнерінде 98,37 балл жинаған канадалық сырғанаушы Патрик Чан көшбасшы атанды. Бұл нәтиже қысқа бағдарламадағы жарыстарды сот төрелігінің жаңа жүйесі бойынша өткізу тарихындағы ең үздігі болды.
Д. Тен жалпы 91,56 ұпай жинады. Үшінші нәтижені Канаданың тағы бір өкілі - Кевин Рейнольдс (85,16) көрсетті.
Қазақстандық спортшы Абзал Рақымғалиев 59,14 балл жинап, 28-ші орыннан көрінді, бірақ ерікті бағдарламаға өте алмады.
Ерлердің жеке сырғанауындағы ерікті бағдарламадағы жарыстар жұма күні өтеді.