Денис Тен Франция Гран-приінде үшінші орында келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Парижде өтіп жатқан Франция Гран-приінде қысқа бағдарлама бойынша бәсекеде үшінші орында келеді, деп хабарлайды Sportbox.ru.
None
None

Әзірге 96,57 балл жинаған испандық  Хавьер Фернандес көш басында. Оның соңында 92,85 балл алған американдық Натан Чен келеді. Денис Тенде - 89,21 балл.

Франция Гран приі 13 қарашада аяқталады.

Айта кеткен жөн, 2013 жылы осы бәсекеде Тен қола медаль еншілеген болатын.

 

Соңғы жаңалықтар