Денис Теннің «Сәлем» мұз айдын шоуына мәнерлеп сырғанаудан әлем жұлдыздары қатысады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Сочи Олимпиадасының жүлдегері, белгілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен өзінің «Сәлем» атты мұз айдынындағы шоуына қатысатын спорт жұлдыздарының есімдерін атады. Бұл туралы ол өзінің «Твиттер» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазды.
None
None

Мұз айдынындағы шоу Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында үстіміздегі жылдың 20-21 маусымы аралығында өтеді.

Көрермендер алдында есімдері әлемге әйгілі мәнерлеп сырғанаушылар: Стефан Ламбьель, Татьяна Волосожар және Максим Траньков, Джоанни Рошетт, Джереми Эбботт, Елена Радионова, Кинг Панг және Ян Тонг, Элади Балде, Су Юн Пак, Майя Шибутани және Алекс Шибутани, Мари Пьер Лерай, Александр Любченко және Жан-Дени Санчис өз өнерлерін көрсетеді. Кеш бағдарламасында сонымен қатар жарықты шоу, жанды музыка және театрланған көріністер болады. Билеттерді 2 маусымнан бастап Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының кассаларынан және Zakazbiletov.kz пен Ticketon.kz интернет порталдары арқылы алуға болады.

Соңғы жаңалықтар