Денсаулық сақтау министрлігі қарақұрттың қаупі туралы ескертті

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өрмекшілердің маусымдық белсенділігіне байланысты (шілдеден қыркүйекке дейін) қарақұрт шағуының алдын алу шараларын еске салады.

қарақұрт
Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Қарақұрттардың және басқа да улы өрмекшілердің шағуын болдырмау үшін келесі 5 ережені сақтауды ұсынамыз:

- Қорғаныс киімін киіңіз: қарақұрт мекендейтін жерлерде ұзын шалбар мен жабық аяқ киім (жануарларды ұстау орындары және т.б.).
- Киім мен аяқ киімді киер алдында, әсіресе сыртта болғаннан кейін тексеріңіз.
- Қорғаныс құралдарын (инсектицидтер) қолданыңыз.
- Тазалық сақтаңыз: қоқыстарды уақтылы тазалаңыз, учаскені және қосалқы ғимараттарды үнемі тексеріп отырыңыз.
- Өрмекшіні қолыңызбен ұстамаңыз.

Қарақұрт шаққаннан кейінгі белгілер: қарақұрт шаққаннан кейін 10-15 минуттан кейін бүкіл денеге таралатын қатты, айқын ауырсыну пайда болады. Интоксикация белгілері жоғарылайды: жүрек соғысы, ентігу, бас ауруы, жүрек айну, құсу, беттің қызаруы, тершеңдік.

Қарақұрт шағып алған жағдайда дереу жақын жердегі медициналық ұйымға медициналық көмекке жүгіну қажет.

Бүгінгі таңда адамдарды қарақұрттың шағу жағдайлары Шымкент қаласында және Атырау облысында тіркелген, шағып алған адамдар тиісті медициналық көмек алды. Жергілікті атқарушы органдар профилактикалық дезинсекцияны ұйымдастыру және жүргізу жөнінде шаралар қабылдауда.

Анықтама: қарақұрт – әлемдегі ең қауіпті деп саналатын өрмекші. Қарақұрттың уы – токсальбумин. Ол нейротоксикалық, лимфа жүйесі арқылы тез таралады. Бұл шылдыр жыланның уынан 15 есе улы.

Осыған дейін Баянауылдағы туристік орындарда қарақұрт қаптап кеткені хабарланды.

Кейінірек Баянауылда қарақұрт қаптауына байланысты табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялануы мүмкін екені айтылды.

Сондай-ақ Атырау облысында қарақұрт шаққан 485 түйенің тоқсаны өлгені айтылды.

 

Соңғы жаңалықтар