Денсаулық сақтау министрлігі: жыл сайын 80 мың пациент донорлық қан алады
АСТАНА. KAZINFORM – Донорлық қан медициналық ресурс қана емес, мыңдаған адам үшін өмір сүрудің нақты мүмкіндігі. Қазақстанда жыл сайын 80 мыңнан астам пациентке қан құю жүргізіледі, онсыз олардың сауығуы мүмкін болмас еді.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы еліміздің қан қызметі 250 мыңнан астам донацияны қамтамасыз етті. Күн сайын республика бойынша қан орталықтарына 1000-ға дейін ерікті донор келіп, қоғамдағы әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары деңгейін көрсетіп отыр.
- Жоғары технологиялық медициналық көмекті дамыту да ерекше маңызға ие. 2025 жылы Қазақстанда 168 гемопоэздік дің жасушаларын трансплантациялау жүргізіліп, ағзаларды трансплантациялау үшін 10 мыңнан астам иммуногенетикалық зерттеу жасалды, - дейді Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының басқарма төрағасы Сания Абдрахманова.
Айта кетейік, елде 4 506 адам донорлық ағза кезегінде тұр.