Денсаулық саласындағы ұлттық операторға жаңа өкілеттіктер берілді

АСТАНА. KAZINFORM – Денсаулық сақтау министрі «Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық операторды, оның функциялары мен өкілеттіктерін айқындау туралы» бұйрыққа өзгеріс енгізді.

министерство здравоохранения республики казахстан, қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Енгізілген өзгеріске сай, ұлттық оператор қызметіне жаңадан мынандай функциялар қосылды:

- денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша;

- денсаулық сақтау объектілерін медициналық жоспарлау бойынша;

- медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялардың жобалау алды және жобалау-сметалық құжаттамасын, оның ішінде қайта қолданылатын жобаларды пайдалана отырып әзірлеу бойынша қызметті жүзеге асыру;

- медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар бойынша авторлық қадағалауды жүргізу қызметін жүзеге асыру;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 962 қаулысымен бекітілген «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде денсаулық сақтау объектілерін жобалау мен салудың барлық кезеңдерінде мониторинг жүргізу;

- денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту бойынша;

- денсаулық сақтау объектілерін медициналық жобалау бойынша;

Бұйрық 2024 жылғы 26 қарашадан бастап күшіне енеді.

Соңғы жаңалықтар