15:39, 08 Қараша 2016 | GMT +5
«Денсаулық» бағдарламасы медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысы барысында 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында денсаулық сақтау саласының негізгі бағыттары туралы баяндады, деп хабарлайды primeminister.kz.

Министрдің айтуынша, денсаулық сақтау саласының алдағы 4 жылға арналған стратегиялық жоспары: 2020 жылға қарай халықтың өмір сүру ұзақтығын күтіліп отырған 73 жасқа дейін ұзарту, медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, денсаулық сақтау саласын қаржыландыру және басқару жүйесін жақсарту.
Айта кетейік, 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы бойынша әлемнің дамыған 30 елінің (ЭЫДҰ) деңгейіне сәйкес азаматтардың денсаулығының көрсеткіштеріне жоспарлы қол жеткізу мақсатында әзірленді.