«Денсаулық» бағдарламасы өлім-жітімді азайтты - Қызылорда облысы

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын  іске асыру бағытында   қатерлі ісіктер;  жарақаттар; жүкті әйелдер мен перинаталдық кезеңнің патологиялары бойынша аурушандық, осы сырқаттарға көрсетіліп жатқан медициналық  көмек сапасы, оның толықтығы және ресурстар жағдайы   бағаланып, жол карталары бекітілді. 

Ол үшін облыстық бюджеттен 1,7 млрд. теңге шамасында қаржы бөлініп, 150 медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.    

Сондай-ақ, 1- деңгейдегі  бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарында (БМСК)  барлық 5 бағыт бойынша 89 мамандандырылған кабинет ашылды.

Бұған қоса 2-деңгейде - ауыр экстрагенитальді аурулармен босанғандар мен жарақаттанғандарға, инсульт алған науқастарға оңалту жұмыстарын жүргізу мақсатында реабилитациялық және қайта қалпына келтіру бөлімшелері ашылды. Барлық аудандық ауруханаларда ауданаралық травматологиялық бөлімшелерді медициналық құрал- жабдықтармен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде.

Қатерлі ісікке шалдыққан ауыр науқастардың өмірін ұзарту, күтуге бағытталған паллиативтік көмек көрсету үшін онкология орталығында 30 төсекке паллиативтік бөлімше ашылып  (хоспис) және 7 аудандық ауруханаларда арнайы 35 төсек-орын бөлінді. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде,  9 айда жіті миокард инфарктінде аурушандық көрсеткіші  8,7 пайызға төмендеді.

Қан айналым жүйесі ауруларынан асқынуының алдын алу мақсатында   облыс бойынша алғаш рет қауіп-қатер тобы жасақталды.   Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2017 жылдың 9 айында 935 науқасқа (2016 жылы - 784) коронография жасалынып, стенттеу жүргізілу былтырғы жылмен салыстырғанда 4 есеге көбейген. Емханаларда  қатерлі ісік ауруларына көмек көрсетуді жетілдіру бойынша  1 деңгейдегі   профилактикалық кабинеттермен жабдықтау 45,8 пайыздан 87,5 пайызға жоғарылады.

Облыста денсаулық сақтау саласында электронды денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасына сәйкес  саланы ақпараттандыру жұмыстары жүйеленген. Тұжырымдама негізінде медициналық ұйымдардың IT-инфрақұрылымдарын жақсарту және өзінің  тиімділігін көрсете білген ақпараттық жүйелерді енгізу қолға алынды.   

   Сонымен қатар, электронды денсаулық сақтауды дамыту шеңберінде жергілікті   ақпараттық жүйелер  енгізіліп, Электронды амбулаторлық картасынан, Электронды ауру тарихынан, Электронды денсаулық паспортынан, Электронды кезектен және т.б., аумақ деңгейінде денсаулық сақтау саласында өтпелі процестерді автоматтандыруға мүмкіншілік беретін  құралдар спектрі жасақталды. Бүгінде емделушілер тіркелім емханасын дербес таңдауды, дәрігердің қабылдауына телефон арқылы жазылуды «электронды үкіметтің» порталы және облыстың медициналық порталы арқылы  жүзеге асыра алады. 

 Қазіргі таңда Қызылорда облысы бойынша жергілікті медициналық ақпараттық жүйелер  енгізу көрсеткіші 76,5 пайызды құрады.

  Биыл облыстың денсаулық сақтау саласына 465,0 мың теңгеге мыңнан аса  компьютерлік техника алынды.  Сала бойынша  компьютерлік техникамен жабдықталу 75,2 пайызды құрайды. Облыстағы денсаулық сақтау ұйымдарының интернет желісіне қолжетімділігі орташа алғанда 75,6 пайызға жетті.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы өзінің Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам еңбегінің 80-қадамында: Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуді тапсырған болатын. Онда «мемлекет, жұмыс берушi және азаматтың ынтымақтасқан жауапкершiлiгi қағидаты негiзiнде денсаулық сақтау жүйесiнiң қаржылық орнықтылығын күшейту мәселесі көтерілді. Сондай-ақ, бастапқы медициналық-санитарлық көмектi (БМСК) басымдықпен қаржыландыру, бастапқы көмек аурудың алдын алу және ерте бастан күресу үшiн ұлттық денсаулық сақтаудың орталық буынына айналады», - деп нақты айтылды.

Соңғы жаңалықтар
telegram