ДЕНСАУЛЫҚ: Қорылдаудан қалай құтылуға болады?

1. Диета ұстаңыз.
Артық салмағы бар, орта жастағы ер адамдар әдетте, көп қорылдайды. Ал салмақ азайту, қорылдаудан құтқарады. Ер адамдар өз салмағынан 20 пайызға артық семірсе оларда қорылдау пайда болады. Ал бұл әйелдерде 30-40% артық салмақ қосқан кезде пайда болады.
2. Ішімдіктен бас тартыңыз.
Алкогольді сусындарды пайдаланбаңыз, олар қорылдауды одан әр арттырады.
3. Темекіні тастаңыз.
«Шылым шегетіндер қорылдауға бейім болады», - дейді дәрігер Эрл Данн. Сондықтан, шылым шегуді тоқтатыңыз.
4. Жастығыңызды дұрыстаңыз.
Жастығыңыз қаншалықты биік болса, соғұрлым қорылдауыңыздың күші арта түседі. Өзіңізге ыңғайлы кішігірім жастықта ұйықтаңыз.
5. Бір жағыңызбен ұйықтаңыз.
Егер сіз қорылдайтын болсаңыз, арқамен жатып ұйықтамауға тырысу қажет. «Қатты қорылдайтындарға бұл әсер етпейді, алайда, кейбір жандарға бір жағымен жатқанда бұл тәсіл әсер етеді», - дейді дәрігер Эрл Данн.