Денсаулық министрлігі: Коронавирустан емделіп жатқандардың арасында 94 бала бар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 18 тамыз күнгі мәлімет бойынша коронавирусқа шалдыққандардың жағдайы туралы мәлімет таратты. Оған сүйенсек, емделушілердің арасында 94 бала бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 17 424 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 94 бала бар. Стационарларда 8 015 науқас жатыр. 9 409 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 389 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 107 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 69 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - делінген ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар