Денсаулық сақтау министрі қос ауданда болды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова Сыр өңіріндегі іссапарын Жаңақорған ауданындағы емхана жұмысымен танысудан бастады, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
None
None

Жаңақорғандағы емхана 1976 жылы салынған әрі емханаға бейімделген ғимарат боп саналады. Осы уақытқа дейін онда ауысымына 250 адам қаралып келді. Аудан орталығына жаңа емхана салу 2015 жылға қаралған.Ескі емхананың жай-күйімен танысқан министр сапар барысында жаңа емхана құрылысын биылғы жылдан қалдырмай бастатуға күш салатынын айтты.

Бас дәрігер мұнан кейін Шиелі ауданына аялдап, ауданда өткен жылы пайдалануға берілген жаңа емхана жұмысын көрді. Заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген емдеу орны ауысымына 250 адамды қабылдай алады.

Министрдің жұмыс сапары ертең облыс орталығында жалғасады.

Соңғы жаңалықтар