10:38, 13 Наурыз 2014 | GMT +5
Денсаулық сақтау министрі С. Қайырбекованың Сыр өңіріне сапары басталады
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова Қызылорда облысына екі күндік жұмыс сапарымен келеді.
Сапар кезінде министр Жаңақорған, Шиелі аудандарында болып, емханалардың жұмысымен танысады, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұржамал Тұрсынбаева.
Бас дәрігер ертең облыс орталығындағы облыстық перинаталдық орталық құрылысымен, қалалық емханалар, Республикалық «балаларды оңалту орталығы» облыстық филиалы және облыстық туберкулезге қарсы диспасерінің жұмысымен танысады, деп күтілуде.