Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмектердің жанама әсерлерін бақылау шараларын күшейтеді

АСТАНА. 30 шілде. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттардың барлық жанама әсерлеріне жүргізілетін мониторингті күшейтуді жоспарлап отыр,
None
None

деп хабарлады денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

«Біз стационарлық және амбулаторлық деңгейлерде байқалып отырған дәрілік заттардың барлық жанама әсерлеріне қатаң мониторинг жүргізуіміз және бұл жұмысты күшейтуіміз керек. Біз қатаң есеп және бақылау жүргізуге тиіпсіз», - деді Е.Байжүнісов.

Вице-министр сондай-ақ, «дәрі-дәрмектер бойынша сауаттылықты» арттыру жөніндегі шараларды қарастыратын қорытынды құжатта халықтың назары препараттарды тек дәрігердің кеңесі мен тағайындауы бойынша ғана қолдану қажеттілігіне аударылатынын атап көрсетті.

«Біздің ақпараттық орталықтарымыз арқылы дәрілердің жанама әсерлері туралы халықты хабардар ету, сондай-ақ тек рецепт бойынша сатылатын дәрі-дәрмектердің тізбесін жасау және халықты жауапкершілікке тәрбиелеу мәселелері қорытынды құжатта қарастырылады», - деп атап көрсетті Е.Байжүнісов өз сұхбатында.

Вице-министрдің айтуынша, қазіргі таңда Дүниежүзілік банктің бастамашылығымен барлық облыста  дәрілік заттардың жанама әсерлері анықталатын 16 дәрілік-ақпараттық орталықтар құрылып және арнайы ақпараттық сайт ашылып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңартылуы: Жалпыға ортал Еңбек Қоғамына 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында 2012 жылдың соңына дейін  халықтың дәрілік заттарды қабылдаудағы сауаттылық деңгейлерін арттырудың тетігін енгізу туралы тапсырма берген болатын.

Соңғы жаңалықтар