Денсаулық сақтау министрлігі ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырып, еліміздің аймақтарынан бірқатар денсаулық сақтау нысандарын ашуды жоспарлап отыр

ТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігі «Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі қарсаңында және «Тәуелсіздіктің 20 белесі» атты жұлдызды 20 күндікті ұйымдастыру шараларын орай,
None
None

сондай-ақ министрліктің Ұлттық денсаулық сақтау күніне орайластырылған «Денсаулыққа деген 20 қадам» атты іс-жоспарын жүзеге асыру шаралары аясында еліміздің барлық аймақтарында денсаулық сақтау нысандарын іске қосу бойынша салтанатты шаралары өтеді», - деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрлік мәліметтеріне қарағанда, 7 желтоқсанда елордада 500 орындық көпсалалы стационар іске қосылады. Аталмыш нысанның ашылу салтанатына Мемлекет басшысы Нұосұлтан Назарбаев қатысады деп күтілуде. Ал 28 желтоқсанда Қызылорда қаласында 500 орындық қалалық емхана ашылады. Сондай-ақ 30 қарашада, Алматы облысының Талғар ауданында 150 орындық аудандық аурухананың, 5 желтоқсанда Жамбыл облысының Шу ауданында 150 орындық аудандық аурухананың, 16 желтоқсанда Жамбыл облысының Аса ауылында 250 орындық аудандық емхананың ашылу салтанаттары өтеді.

Соңғы жаңалықтар