Денсаулық сақтау саласында ауқымды жұмыстар атқарылды

ҚЫЗЫЛОРДА.  Желтоқсанның 30-ы. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Сыр өңірінде дeнсаулық сақтау саласында ауқымды жұмыстар жүзеге асырылып келеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы жылы сала бюджеті 2009 жылы 17,3 млрд. тең­гені құраған. Басқару жүйесін жеңіл­дету мақса­тында қолға алынған бір­қатар шара­лар жемісін берді. Барлық аудандарда телемедицина жүйесі орнатылды. Сыр өңірі үшін осы уақытқа дейін өзектілігін жоймай келе жатқан ана мен бала денсаулығының күрделі мәселелерін шешуде бірқатар жұ­мыс­тар атқарылды. Балалар мен босану стационарлары 56 акушер-ги­неколог, неонатолог мамандармен то­лықты.

Өткен жыл денсаулық сақтау ме­ке­мелерінің ғимараттарын жаңартуда жемісті кезең болды. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 1692 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 724 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда 9 дәрі­герлік амбулатория, 22 медициналық бекет жұмыс істеп тұр. Қызылорда қаласындағы №5 емханаға қосымша ғимарат салынды. Оған қоса, 200 тө­сектік перинаталдық орталық пен 500 қаралушыға арналған емхана құры­лысы алдағы жылы пайдалануға бе­ріл­мек. Байқоңыр қаласындағы 80 тө­сектік перзентхана іске қосылуға жа­қын. Оған қоса, «Жол картасы» бағ­дар­ламасы аясында аймақтағы 11 ем­деу алдын алу мекемесіне күрделі, 33 мекемеге ағымдағы жөндеу жұмыс­та­ры жүргізілді. Мамандарды ауыл­дық жерлерге жұмысқа тартудың Ел­басы ұсынған, облыс әкімдігі қуат­таған жаңа әдісі өз тиімділігін дәлел­деді.

Соңғы жаңалықтар