Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев қамауға алынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті растады.

«Бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевті Экономикалық тергеу қызметі қамауға алды», - деді комитеттен.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мәліметтері жария етілмейді.

Айта кетсек, Олжас Әбішев 2018 жылы Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалған. Ол цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне жауап берді.


Соңғы жаңалықтар