Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру өзгерісті қажет етеді - Т. Ізмұхамбетов

АЛМАТЫ. 14 қараша. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау саласындағы қаржының 80 пайызы тұрғындардың 20 пайызы ғана жататын ауруханаларға, ал 20 пайызы ғана халықтың 80 пайызы қаралатын емханалар мен дәрігерлік амбулаторияларға жұмсалуда. Бұл туралы бүгін Алматыда «Ұлт денсаулығы - біздің жетістікті болашағымыздың негізі» деген тақырыппен өтіп жатқан салауатты өмір салты мамандарының IV съезінде айтылды.
None
None
«Еліміздегі денсаулық сақтау жүйесі ауруларға ғана құрылған. 2009 жылы қабылданған «Денсаулық сақтау кодексінде» аурухана, дәрі-дәрмек, жаңа құрал-жабдықтар ғана айтылады. Сондықтан денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруды өзгерту қажет», - дейді «Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін» ұлттық коалициясының президенті Талапқали Ізмұхамбетов. Денсаулық сақтау жүйесінде 47 жылдай үздіксіз қызмет атқарып келе жатқан білікті маман өз жұмысын қатардағы дәрігерден бастаған көрінеді. Жоғары лауазымды қызметке дейін жеткен білгір маман енді салауатты өмір салтын қалыптастыру жүйесіне қайта оралып отыр. Оның пайымдауынша, Айқан Ақанов негізін қалаған «Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары» ұлттық орталығының қазіргі басшысы Жәмила Батақованың алдында тұрған ендігі міндет ұйымды заман талабына сай реформалау болып отыр. ҚР Президенті қойған міндеттерді орындау үшін салауатты өмір салтын қалыптастыру жүйесін қаржыландыруды 10 есеге ұлғайту керек. Ол мамандардың еңбекақысына емес, Дүниежүзілік денсаулық сақтау жүйесінің жаңа технологияларына жұмсалуы керек. Ал «Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары» ұлттық орталығының аймақтық филиалдарының жетекшілері ағылшын тілін жетік білсе тіпті жақсы. Бұл жаңа технологиялармен тиімді жұмыс жүргізуге ауадай қажет.
Соңғы жаңалықтар