Денсаулық сақтау жүйесіндегі барлық жұмыстар «Нұр Отан» ХДП партиясының бақылауында болады - Н.Нығматулин

Бұл тәжірибе біздің елімізге де аса қажет. Себебі бұл жүйе денсаулық сақтау саласындағы бәсекелестіктің болуына мүмкіндік береді. Бұл пікірді бүгін елордадағы Медициналық ақпараттық-талдау орталығының Сауықтыру бюросында болған «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин білдірді.
Аталған жүйенің елімізде алғаш рет енгізіліп отырғандығын атап өткен ол «осы саладағы түйткілді жайттарды шешу үшін денсаулық сақтау министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар өз жұмыстарын тиісті деңгейде атқарулары керек», деді.
Н.Нығматулиннің айтуынша, денсаулық сақтау жүйесіндегі ұйымдастыру, атқару жұмыстары «Нұр Отан» ХДП партиясының бақылауында болмақ. Осыған орай бүгіннен бастап барлық медицина мекемелерінде, әсіресе, емханаларда партиялық бақылау бекеттері орнатылған. Бұл бекеттер еліміздегі денсаулық сақтау саласына халықтың берер бағасын бағамдап, «кері байланыс» арнасына айналмақ.
«Мемлекет басшымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың медицинаға, медициналық қызметтерге зор көңіл аударып отырғандығын жақсы білесіздер. Соның нақты дәлелі статистикалық мәліметтер бола алады. Соңғы 3 жылдың ішінде елімізде «Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде күрделі жөндеуден өткен мыңдаған денсаулық сақтау мекемесін айтпағанның өзінде жаңадан 217 аурухана салынып, пайдалануға берілді. Осылайша денсаулық сақтау жүйесінің материалдық базасының нығайуы аталған жүйені ұйымдастыруды өзгертуді талап етті», деді «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары.