«Денсаулыққа 7 қадам» марафонына жастар да белсене қатысады - БҚО
Оның айтуынша, марафон мақсаты әр азаматтың дүниеге келген сәтінен қартайғанға дейін өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға деген жауапкершілігін арттыру, салауатты өмір салтын ұстану болып табылады. Осы ретте жастар арасында ұрпақ өрбіту, денсаулығын сақтау, ерте және жоспарланбаған жүктіліктің алдын алу, отбасын жоспарлау мәселелері бойынша денсаулық мектептері жұмыс жасап келеді.
«Әр азамат денсаулық жалпы қоғам үшін де баға жетпес құндылық екендігін ескеруі керек. Сол себептен әрқайсысымыз бірінші кезекте өз денсаулығымызға жауаптымыз. Басты байлық - денсаулықты нығайту, зиянды әдеттерден бойды алшақ ұстау қағидалары өміріміздің басты мән-мақсатына айналуы қажет. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында еліміздің жастары салауатты өмір салтын ұстанып, болашақта өзі ғана емес, ұрпағының да дені сау болып өсуіне барынша атсалысуы тиіс. «Денсаулыққа 7 қадам» марафоны аясында өңірде өтіп жатқан семинар-тренинг, түрлі шараларға жастар да белсене атсалысуда», - деді А.Лұқпанов.