Депутат Алматының такси қызметі мен қоғамдық көлігін, шенеуніктерді электромобильге көшіруді ұсынды
АСТАНА. KAZINFORM – Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев палатаның жалпы отырысында Алматы қаласының экологиялық ахуалын жақсартудың жолын ұсынды.

- Мен Мәжіліс қабылдаған «Аквамәдениет туралы» Заң жобасының жұмыс тобына жетекшілік еттім. Алматыдағы экологиялық қатерге тағы да назар аударғым келеді. Сүйікті қаламызда ауа сапасының нашарлағаны соншалық, алматылықтар мегаполистің қасіретіне назар аударту үшін қаланы шаңсорғышпен «тазалап» жатыр, - деді Сергей Пономарев.
Депутат бұл мәселенің шешімін электромобильдердің қолданыс аясын кеңейтуден көріп отыр.
- Менің ойымша, қаладағы бұл мәселені электромобильдердің көмегімен шешуге болады. Мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік секторды электромобильдерге отырғызу керек. Алматы әкімдігіне электр қозғалтқышы бар қоғамдық көліктің үлесін арттыру керек. Бүкіл такси мен автокөліктерді электр желісіне ауыстыру қажет, - деді ол.
Айта кетейік, бүгінгі Мәжіліс жиынында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформасы талқыланып жатыр. Оған палата депутаттарынан бөлек, ғалымдар мен сарапшылар, БАҚ басшылары қатысып отыр.