Депутат БҰҰ басшылық органдарына қазақстандықтарды тартуды ұсынды

«Сыртқы істер министрлігінің ақпаратына сүйенсек, қазіргі кезде БҰҰ жүйесінде Қазақстанның жиырмаға тарта азаматы жұмыс істеуде. Олар біздің өкілдікте емес, БҰҰ-ның түрлі құрылымдары аппараттарында қызмет етіп жүргендер»,-деді депутат Мәулен Әшімбаев Мәжілістегі Үкімет сағатында.
Оның сөзіне қарағанда, алдағы уақытта Қазақстанның осы және басқа да өкілдерін БҰҰ-ның түрлі басшылық органдары мен құрылымдарына жылжытуға тырысу керек.
«Жалпы, осындай саясатпен көптеген елдер айналысуда. Менің ойымша, біз де мақсатты түрде бұл бағытқа назар аударғанымыз жөн»,-деді Әшімбаев.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан алдағы екі жылдық кезеңге Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде өз жұмысын бастады.