Депутат Е. Тарасенко Жайық өзенінің нашарлап бара жатқан экожағдайына алаңдаулы

АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат -  Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған депутат Елена Тарасенко Жайық өзені бассейнінің экожүйесі жағдайына байланысты бірқатар мәселені көтерді.
None
None

«Соңғы жылдары Жайық өзеніне қатысты жалпыэкологиялық жағдай нашарлап барады. Сонымен қатар, өзеннің барлық талаптарға толық сәйкестігіне қарамастан, әлі күнге ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізімі қатарына жатқызылған жоқ. Бұл мәселелер хаттамалық тапсырмаларда бірнеше мәрте көтерілгенімен, шешімі әлі шықпай отыр», - дейді Е. Тарасенко.

Оның айтуынша, жағалау жұртшылығы да Жайықтың қазіргі жағдайына қатты алаңдаулы. Бұл ретте депутаттың пайымынша, Жайық өзені мен оның экожүйесін сауықтыру мәселесі  көбінесе Қазақстан мен Ресейдің бірлескен һәм өзара келісілген әрекеттеріне байланысты болып табылады.

«Осы мақсатта шекара маңы өңірлерінің 2007 жылғы форумына екі ел Үкіметтері арасында Жайық өзенін бірлесе қорғау және тиімді пайдалану туралы мемлекетаралық келісімге қол қою туралы ұсыным жасалған еді. Онда Жайық өзенінің экожүйесін қорғау қоры құрылуы тиістігі де айтылған болатын. Осы бағытта ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі ресейлік министрлікпен бірнеше жылдар бойы келіссөздер жүргізіп жатқанына қарамастан, мәселе әлі шешімін тапқан емес. Сондықтан да, бұл бағытта кешенді қадам қажет», - дейді Е. Тарасенко.

Соңғы жаңалықтар