Депутат елімізде муниципалдық полиция туралы заңның қашан пайда болатынын айтты

Депутаттың айтуынша, мамыр айының бас кезінде Үкіметтің кеңейтілген отырысында осы мәселені көтерген болатын. Мәжіліс жұмыс топтарының отырыстарында жергiлiктi, яғни муниципалдық полиция құру мәселесi талқыланып, бiрнеше нұсқада қарастырылуда. Муниципалдық полиция бүгiнгi iшкi iстер министрлiгi жүйесiнiң жалпы құрамының үштен бiр бөлiгiн құрайды және жол қозғалысы ережелерiнiң сақталуы мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етедi.
«Сондықтан қызметкерлердiң функциясы жергiлiктi атқарушы органдарға немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына берiледi. Дегенмен олар iшкi iстер органдарының қызметкерлерi ретiнде сақталады. Ең алдымен Қазақстанның үш облысында жергiлiктi полицияны сынақ түрiнде енгiзу ұсынысы болды. Жергiлiктi полицияны сынақ түрiнде енгiзу мәселесi әлi талқыланады, бiрақ муниципалдық полицияны құратын болсақ, оны бүкiл ел аумағында енгiзген жөн деген тоқтамға келiп отырмыз», - деп атап өтті Р. Сәрпеков.
Депутаттың айтуынша, муниципалдық полиция туралы заңды әзiрлеуге уақыт керек, сондықтан заң 2017 жылдан кейін ғана дайын болады.
«Биыл заңнамалық база дайындалады, заң 2016 немесе 2017 жылы әзiрленедi. Заңды дайындауға уақыт қажет, сондықтан ол 2017 жылдан кейін ғана әзір болады», - дедi Р.Сәрпеков.