Депутат Қ. Ыдырысов Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесу өткізіп жүр

Осы кездесулерде ҚР Президентінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы Жолдауы, «Нұр Отан» ХДП-ның 2020 жылға дейінгі бағдарламасы, халықтық ІРО бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелері түсіндіріліп, талқыланды.
Сонымен қатар, депутат тұрғындарды жеке мәселелер бойынша қабылдаулар өткізіп, көбіне жергілікті тұрғындарды алаңдатып жүрген мәселелерімен танысып шықты. Олардың ішінен ең негізгілерін атап айтатын болсақ, шаруалар өз істерін дамыту үшін несиелерді ала алмай жатқандығы, жол, таза ауыз су мәселелері, Семей ядролық полигонынан зардап шеккендерге әлеуметтік көмектің қолжетімсіздігі, ауруханалар мен емханалардың салынуы, мектептер мен балабақшалардың аздығы сөз болды. Ең бастысы, осы аймақтағы экологиялық ахуалдың күннен-күнге нашарлап келе жатқаны, осының нәтижесінде жергілікті тұрғындардың денсаулығына зиян келтіріп отырғаны туралы халық өздерінің сұрақтары мен пікірлерін жеткізді. Халық қалаулысы барлық сұрақтарға тиісті түсіндірмелер беріп, жазбаша өтініштерін әрі қарай жұмысқа алу үшін қабылдады.
Депутат Қ.Ыдырысов Жалағаш ауданын аралаған соң, әрі қарай Сырдария ауданына аттанып, онда да тұрғындармен кездесулер өткізіп, халықтың тұрмыс-тіршілігіндегі алаңдататын мәселелердің оң шешілуіне өз ықпалын тигізбекші.