Қазақстанда шетелдік банктерді ашу талаптары жеңілдетіледі

АСТАНА. KAZINFORM – Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қаржы ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы» Басқарма қаулысының жобасын әзірледі.

Қазақстанда шетелдік банктерді ашу талаптары жеңілдетіледі
Фото: Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды іске асыру мақсатында әзірленіп, шетелдік банктер мен олардың филиалдарын ашу тәртібіне қойылатын қолданыстағы талаптарды жеңілдетуді көздейді.

Атап айтқанда, уәкілетті органға ұсынылуы тиіс құжаттар тізбесін оңтайландыру және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» және «Ақпараттандыру туралы» заңдарының талаптарына сәйкестікке келтіру көзделген.

Қаулы жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында танысуға болады.

Айта кетелік Қазақстанда онлайн сауда екі есе өсті.

Соңғы жаңалықтар