Депутат отандық өнеркәсіпті дамыту бағытында мәселе қозғауды жоспарлап отыр

АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгінгі таңда отандық өнеркәсіп орындарын қолдау қажет. Мәжіліс депутаты Тұрарбек Асанов осы мақсатта еліміздің лауазым иелеріне депутаттық сауал жолдауды көздеп отыр.
None
None
Бұған жуырда Алматы қаласында өткен кездесу себеп болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Депутат Алматы облысының аудандарында және Талдықорған қаласында кездесулер өткізді. Ал «Алматы қалалық Өнеркәсіпшілер мен жұмыс берушілердің одағы» заңды тұлғалардың бірлестігі қауымдастығының өкілдерімен өткен жүздесуде отандық тауар өндірушілерді қолдауға қатысты ұсыныстар айтылды. Басқосуда өнеркәсіп саласындағы тұрақты дамудың, инвестиция салудың, несие алудың, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың проблемалары сөз болды.Еліміздегі машинажасау кешенінің көкейкесті мәселелері айқындалып отыр. Оны шешудің жолдары қарастырылғанмен, нәтижеге әлі де қол жеткізе алмай келеміз.Әлемдік қаржы дағдарысы Қазақстан экономикасына да әсер етті. Осындай жағдайда ішкі рынокта өнеркәсіп өнімдерін тұтынушылардың алуын қамтамасыз ету аса маңызды болмақ.Осы орайда 2008 жылғы қазанның 13-інде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы бюджеттік мекемелер және ұлттық компаниялар бірінші кезекте отандық өндіріс орындарының өнімін тұтынуы қажет екендігі жөнінде тапсырма берген болатын. Қазақстан Парламенті «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңға ұсынылған толықтыруларды жедел түрде қабылдады. Сонымен қатар 2008 жылы қарашаның 4-інде «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі фракциясының кеңейтілген отырысында осы мәселе жан-жақты талқыланып, нәтижесінде Үкіметке отандық машинажасау өнеркәсібін дамытуға қатысты бірнеше нақты ұсыныстар берілді.Депутат осы жолы сауалында отандық өнеркәсіпті дамыту бағытындағы бірқатар ұсыныстарын және тауар өндірушілердің өтініштерін жеткізуді мақсат тұтып отыр.
Соңғы жаңалықтар