13:21, 18 Қазан 2013 | GMT +5
Депутат-партия мүшелерінің орта тапқа салық ауыртпалығын ұлғайтуға жол бермеу туралы ұстанымын өте дұрыс деп санаймын - Н.Назарбаев
АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - Депутат-партия мүшелерінің орта тапқа салық ауыртпалығын ұлғайтуға жол бермеу туралы ұстанымын өте дұрыс деп санаймын. Бұл туралы бүгін Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХV съезінде партия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі Твиттерде.

"Бұдан бес жыл бұрын тапсырма бергенімдей, элиталық жылжымайтын мүлікке, қымбат автомобильдерге, салтанат бұйымдарына жанама салық енгізу қажет. Бізде миллионер де, жұмысшы да бірдей 10 пайыз табыс салығын төлейді», - деді Н.Назарбаев.