Депутат: Салық жеңілдіктерін қысқартсақ, бюджетке 3,4 трлн теңге түсер еді

АСТАНА. KAZINFORM – Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында бюджет тапшылығын жоюдың үш жолын атады.

Салық жеңілдіктерін қысқартсақ, бюджетке 3,4 трлн теңге түсер еді
Фото: Дияр Бексұлтанов

2022 жылғы салық жеңілдіктерінің айналасында көп әңгіме бар. Жоғары аудиторлық палата тексергенде 738 түрлі салық жеңілдігі бар екені белгілі болды. Солар бойынша 9,5 трлн теңгенің салық жеңілдігі жасалған. Салық кодексін әзірлегенде көп талдау жасалды. Жаңағы айтқан 735 салық жеңілдігінің 453-ін ғана қалдыру керек деген ұстаным айтылып жүр. Егер Салық кодексіне осы өзгеріс енсе, бюджетке 3,4 трлн теңге ақша түседі екен. Осы пленарлық отырыста бұл мәселені қойдық. Сондықтан бюджетті толтырудың бірден-бір көзі шағын және ота кәсіпкерлікті дамыту болса, екінші көзі — салық жеңілдіктерін қайта қарап шығу. Үшіншісі — инвестициялар тарту, — деді сенатор.

Салық жеңілдіктерін қысқартсақ, бюджетке 3,4 трлн теңге түсер еді
Фото: Дияр Бексұлтанов

Депутаттың сөзінше, Парламент қабылдаған заңның тиімділігін кейде министрліктің ішкі құжаттары теріске шығарып кетіп жатады. 

— Нормативтік-құқықтық актілер дейтін бар. Ол енді министрлердің арнайы бұйрығы шығады. Соған байланысты кейбір мәселелер қаралмай қалуы мүмкін. Біз ол мәселені соңғы үш айдың ішінде қатты айтып жүрміз. Кез келген заңды алып келген кезде министрліктің арнайы бұйрығына көңіл бөлеміз деп айтылады. Бірақ бұйрық келмей қалып жатады. Біз осы мәселеге көп көңіл аударып жатырмыз. Себебі заңда көп нәрсе қамтылмай қалады. Ал бұйрықтар мен нормативтік-құқықтық актілерде ол мәселелер жан-жақты қаралады. Салдарынан заңда кейбір бұрмалаушылық, көңіл толмаушылық болып қалуы мүмкін, — деді Сұлтанбек Мәкежанов. Еске салайық, 2025 жылы елдегі бюджет тапшылығы 4,1 трлн теңге деп айқындалған болатын.

Еске сала кетейік, бұған дейін 2025 жылдағы бюджет тапшылығы белгілі болғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар