Депутат саусақ ізін тапсырмағандарға айыппұл салу бастамасын сынға алды
Мәжіліс депутаты Асхат Рахымжанов келер жылдан бастап құжат алғанда саусақ ізі таңбасын алуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Әр азаматтың саусақ ізін алатындай, бізде не, концлагерь бар ма?" – деп сұрақ жолдады депутат Мәжіліс отырысында.
Оның пікірінше, саусақ іздерін алу халыққа қызмет көрсету орталықтарында кезектердің пайда болуына әкеледі.
Сонымен қатар халық қалаулысы "процедураға қатысудан бас тартқаны үшін айыппұл салу дұрыс па?" деген сауалға пікір білдірді.
"Менің ойымша, мүлдем дұрыс емес және мүмкін емес", - деді Асхат Рахымжанов.
Сондай-ақ, депутат аталған мәселені Мәжілісте қарау жоспарда барын айтты.
Айта кетейік, осыдан екі бұрын Ішкі істер министрлігі 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап паспорт пен жеке куәлікті рәсімдеу кезінде азаматтардан саусақ ізі алынатыны туралы хабарлаған еді. Дактилоскопиялық тіркеу міндетті болмақ.