Депутат спорттық бағдарламалар туралы: бұқараны спортпен қамту міндетін орындамай отыр

сергей пономарев
Фото: Мәжіліс

АСТАНА. KAZINFORM – Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев балаларға және бұқараға арналған спорттық бағдарламалар мен секцияларды сынға алды.

«Бұқаралық спортты дамыту үшін төрт жыл бұрын «Арт-спорт» бағдарламасы іске қосылды, идея жақсы, бірақ көпке созылмай шу шықты. Сайып келгенде, спортқа құмар балалар мүмкіндіксіз қалды, бағдарлама сәтсіздікке ұшырады. Кейін әр өңір өз бағдарламаларын іске қосты, ол да толық пысықталмаған және бұқараны спортпен қамту міндетін орындамай отыр», - деді Сергей Пономарев Мәжілістің жалпы отырысында депутаттық сауал жолдап. 

Одан әрі халық қалаулысы Алматыда бастау алған «Даму бала» спорттық бағдарламасының іске асу барысына тоқталды. 

«Алматыдағы балалар бюджет есебінен төленетін спортпен лас бассейнде жаттығады, ол жерде тәулік бойы жұмыс істейтін сауна, бильярд және техникалық байқау станциясы ашылған. Спорттық гимнастика секциясы желдеткіші жоқ, төбелері төмен жертөледе өтіп жатыр, вокал және домбыра сабақтары өтетін кабинетте су, дәретхана, желдеткіш жоқ. Ал испан футбол академиясы ашық алаңға орналасқан, ол жерде жуынатын және киім ауыстыратын бөлме жоқ», - деп аталған бағдарламаны сынға алды. 

Депутаттың айтуынша, жоғарыда аталған фактілер Алматы қоғамдық кеңесі мен мәслихатының мүшелері «Даму бала» балалар спорты мен шығармашылығын жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасының жұмысына мониторинг жүргізу барысында анықталған. Олар 52 бөлім мен 1038 үйірмеге мониторинг жүргізген, нәтижесінде 5%-ы ғана талаптарға сай болған. 

Сондай-ақ, мәжілісмен бұқаралық спортты дамыту Президент тапсырмасы екенін еске салды. 

Осы орайда Сергей Пономарев қысқа мерзімде өңірлік бағдарламалардың жұмысына бірқатар өзгерістер мен түзетулер енгізуді ұсынды: 

1. Бақылауды күшейту үшін есепке алудың техникалық мүмкіндігін табу, жеткізушілермен жасалған шарттарға жаттықтырушылар мен нұсқаушылардың біліктілігіне қойылатын талаптарды, үй-жайлардың өлшемдері мен жабдықталуын, қауіпсіздік техникасы бойынша енгізуді және бюджет есебінен балаларды қайда және қалай оқытуға болатынын офлайн режимде мониторинг жүргізу. 

2. Жергілікті атқарушы органдар бағдарламаның талаптарына сәйкес үйірмелер мен секцияларды ұйымдастыру мәніне қоғамшылдар мен мәслихат депутаттарын тарта отырып, бағдарламаға қатысушыларды жылына кемінде екі рет кезектен тыс тексеруді жүзеге асырсын. 

3. Бағдарламаның барлық балалары үшін, оның ішінде инклюзиямен тең жағдай жасау.

Соңғы жаңалықтар
telegram