Депутат Үкімет отставкасы жайлы: Министрлер өз жұмысын көрсете алмады

АСТАНА. KAZINFORM — Мәжіліс депутаты Кенжеғұл Сейітжан Үкімет отставкасына қатысты пікір білдірді.

кенжеғұл сейітжан
Фото: депутаттың Instagram парақшасынан

«Үкіметтің жұмысын айтар болсақ, әріптестеріммен келісемін. Шынымен де жайбарақат отырған министрлер мен Премьер-Министр сияқты. Халықтың нағыз мұң-мұқтажын тыңдайтын министр аз. Оларды Үкімет басшысы тыңдамай отыр деп санаймын», — деді Мәжіліс депутаты Кенжеғұл Сейітжан. 

Сонымен қатар ол келесі Үкімет басшысы кім болу мүмкін екеніне сәуегейлік жасай алмайтынын баса айтты. 

«Мүмкін жаңа адам келер. Сондықтан айта алмаймын. Менің өзіме де таңқаларлық жаңалық болды. Үкімет қатесін түзетіп, жақсы жұмыс істейді, жақсы-жақсы нәтиже көрсете ме деп ойлаған едім. Біздің комитет келісімін берген Төтенше жағдайлар, Су ресурстары министрлерінің  жұмыс істегеніне көп бола қойған жоқ. Ал бұрыннан отырған министрлер жұмысын көрсете алмады деп ойлаймын», — деді ол.

Соңғы жаңалықтар