Депутат жасанды интеллект туралы: Рухани жағынан қауіп-қатер бар

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Анас Баққожаев жасанды интеллектіні мектепте және жоғары білім саласында пайдалану кезінде бақылауды күшейтуді сұрады.

TravelStan: жасанды интеллектіге негізделген мобильді қосымша әзірленеді
Фото: freepik.com

- Мен жасанды интеллектіге қарсы емеспін. Дегенмен, бұған дейін адамзатқа рухани жағынан келуі мүмкін қауіп-қатер туралы айтқан едім. Мысалы, мұғалім үй тапсырмасын жасау үшін жасанды интеллектіні падаланып, сұрақтарын дайындап қойды делік. Үйіне келген оқушылар да ол тапсырмаға жасанды интеллекті арқылы жауабын шығарып алады. Магистратураға түскен жастар да дәл солай әрекет етеді. Сонда біз кім болдық?! Қазір балалар мен жастардың сөздік қоры нашарлаған. Рухани жағын, білім мен ғылымды қалай қорғаймыз? Аталған заң жобасында ондай нормаларды көрмедім. Мектептер мен жоғары білім саласында осы бағыттағы бақылауды неге күшейтпейміз?! Жасанды интеллектіні қосымша құрал ретінде қолдануға болады, бірақ оны пайдалану мәдениетін қалыптастыру керек, - деді А. Баққаожаев Парламент Мәжілісінде жасанды интеллект туралы заң жобасын талқылау кезінде.

Айта кетейік, бүгін Мәжілісте Жасанды интеллект туралы заң бірінші оқылымда талқыланып жатыр.

Еске салсақ, жақында Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев мектеп оқушыларына жасанды интеллектіні пайдалануға шектеу енгізуді ұсынды.

Соңғы жаңалықтар