Депутаттар «Келешек» жинақтау жүйесін реттейтін заңды қабылдады

АСТАНА. KAZINFORM – Мәжіліс заңнаманы ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларындағы нормалардың артық регламенттеуден арылтатын заңды екінші оқылымда қабылдап, Сенатқа жолдады.

2024 йилда “Келешек” дастури ишга туширилади
Фото: pixabay.com

Құжаттың соңғы редакциясын таныстырған депутат Құдайберген Бексұлтанов осы заң арқылы «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесінің қызметін регламенттейтін қосымша түзетулерді енгізгенін атап өтті.

«Бұдан басқа, креативті индустрияны дамытуға жергілікті атқарушы органдардың, Үкіметтің және уәкілетті органның құзыретін белгілеу нормалары қаралды. Заң жобасы жұмыс топтарында және Комитеттің кеңейтілген отырысында жан-жақты талқыланды.Жоба бойынша Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің комитеттері оң қорытындыларын берді», - деді ол.

Еске салсақ, құжаттың бірінші оқылымында «Келешек» жобасы арқылы жоғары білімге ақша жинақтаудың тетіктері нақтыланған еді. 

Соңғы жаңалықтар