21:32, 27 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Депутаттық әдеп жөніндегі кеңес Мұхтар Тінікеевтің өтінішін қарады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Депутаттық әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтіп, онда депутат Мұхтар Тінікеевтің өтініш хаты қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Парламентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Депутат М.Б.Тінікеев орын алған жәйт бойынша кешірім сұрап, әріптестері мен сайлаушыларға өтініш хат жолдады. Ол Орталық сайлау комиссиясына депутаттық өкілеттілігінен бас тартатыны туралы ресми өтінім білдіргенін айтқан.
Кеңес орын алған барлық мән-жайды қарастырып, аталмыш шешіммен келісті.
Депутат М.Тінікеевтің хаты Парламенттің ресми сайтында орналастырылған.