Дербес бiлiм беру ұйымдарының қызметiн жетiлдiретiн заң жобасы бiрiншi оқылымда мақұлданды - Мәжiлiс

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттары «ҚР кейбiр заңнамалық актiлерiне дербес бiлiм беру ұйымдарының қызметiн реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР заң жобасын бiрiшi оқылымда мақұлдады.
None
None

ҚР Бiлiм және ғылым министрi Аслан Сәрiнжiповтiң айтуынша, Заң жобасын әзiрлеу дербес бiлiм беру ұйымдарының қызметi барысында туындайтын, стратегиялық мақсаттарына қол жеткiзуiне кедергi келтiруi мүмкiн бiратар мәселелердi реттеу қажеттiлiгiнен туындады.

«Заң жобасы дербес білім беру ұйымдарының академиялық басқару жүйесін жетілдіруге және сапасын қамтамсыз етуге бағытталған. 2011 жылы Назарбаев университеті, Назарбаев зияткерлік мектептері және Назарбаев қорының мәртебесі туралы заңмен дербес білім беру ұйымдарының негізгі жұмыс істеу қағидаттары, оның ішінде академиялық еркіндік және дербес білім беру қағидаттары айқындалды. Осы заңды іске асыру тәжірибесі дербес білім беру ұйымдарының дамуына оң әсер тигізді. Алайда, дербес білім беру ұйымдары өз қызмет процесінде заңнамалық деңгейде қажет ететін бірқатар мәселелерге тап болды. Заң жобасындағы түзетулер білім беру ұйымдарының дамуындағы келесі қадам болып табылады. Заң жобасы дербес Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, бюджет кодексіне, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы, «ҚР Білім туралы», «Назарбаев Университеті» , «Назарбаев зияткерлік мектептері және «Назарбаев қоры» мәртебесі туралы», Мемлекеттік мүлік туралы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді», - дедi депутаттар алдында баяндама жасаған министр.

Онда нысаналы салымдар бөлудiң мүмкiн болмауы, бiлiм беру процесiн грантпен және стипендиямен қамтамасыз ету мәселелерiн реттеудегi олқылықтар, жер заңнамасының зияткерлiк-инновациялық кластердi дамыту үшiн дербес бiлiм ұйымдарының жер учаскелерiн сатып алуына мемлекеттiк бюджеттен едәуiр қаражат бөлуге мәжбүрлейтiн ережелерi, салық салу мәселелерi қарастырылып отыр.

Заң жобасының қорытындысында мәлiм етiлгенiндей, дербес бiлiм беру ұйымдары пилоттық жобалар, эксперименттiк алаңдар болып табылады. Аталған жобаларды iске асыру барысында жинақталған тәжiрибе бiлiм беру жүйесiн дамытудың кейiнгi кезеңдерiнде пайдаланылатын болады. Осыған байланысты, заң жобасының ережелерi дербес ұйымдардың қызметiн реттеуге ғана емес, орта және жоғары бiлiм беру жүйесiн одан әрi жетiлдiруге де бағытталған.

Соңғы жаңалықтар