Дерматологтар теріге зиянды тағам түрлерін атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық дерматолог Карен Фишер теріге зиянды болып келетін тағам түрлерін атады, деп жазады шетелдік БАҚ.
None
None

Сау теріге майлы тағамдар, қант, алкоголь зиянды болып келеді.

Құрма мен қарбыз адам ағзасы үшін пайдалы болса да, оны көп мөлшерде жеу теріні майландырып, терідегі ұсақ тесіктерді бітеп тастайды. Тез дайындалатын таңғы астың да зияны көп, өйткені оның құрамында көп мөлшерде қант кездеседі.

Тері үшін ең қауіптісі ол - алкогольді ішімдіктер, соның ішінде тәтті коктейльдер. Оларды мөлшерден тыс ішу теріні қызартып, құрғауына алып келеді. Сондай-ақ көздің асты қарайып, әжім түсе бастайды.

Соңғы жаңалықтар