Дертіме шипа, жаныма қуат берген дәрігерлерге алғыс айтамын- Жазира Тоқтар

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің маманы Жазира Тоқтар дертіне шипа, жанына қуат берген Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасының қызметкерлеріне алғыс білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Дерт меңдеп, дауа іздегенде дәрігерге жүгінетініміз анық. Иә, ауру азабын тартқан сәтте ажалға араша болатын ақ халатты жандардың еңбегі өлшеусіз ғой. Мұндайда уайым кешкен жүрекке сабыр сыйлайтын, күдікті сейілтіп, үмітті қайта жандырып, аурудан айықтыру үшін бар күш-жігерін аямайтын қолы алтын, жүрегі нұрлы ақ желеңді абзал жандарға қандай мақтау сөз айтсаңыз да артық етпейді. «Қазақта «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген аталы сөз бар. Осы ретте «Алғыс айту күні – бейбітшілік пен келісімнің көрінісіне айналған жарқын мерекеде ең алдымен дертіме шипа, жаныма қуат берген Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасының гинекологиялық бөлімшесінің меңгерушісі Әсел Уахитоваға және бөлімшенің барлық медициналық қызметкерлеріне олардың сезімталдығы, кәсібилігі мен тілектестігі үшін зор алғысымды білдіремін», - дейді Жазира Тоқтар.

Кейіпкеріміздің айтуынша, жуырда оған іш қуысындағы қатерлі ісікті жою бойынша ота жасалған. Мамандардың кәсіби шеберлігі мен біліктілігінің арқасында ота сәтті өткен.

«Дәрігерлердің барлығы өз ісінің майталман шеберлері. Ұйымдастырушылық пен жауапкерліктері жоғары деңгейде. Қызметкерлер науқастарға өздерінің туған баласындай қарайды. Жас пен кәріге, жалпы адамзаттың бәріне мейіріммен қарайтын, өзгенің өмірі үшін күресіп, көңіл шуағын сыйлайтын дәрігерлердің жылы сөздерінен ақ өзіңді үйде ата-анаңның қасында жүргендей сезінесің», - деп қосты кейіпкеріміз.

Сонымен бірге, ол науқастанып қалған күні алғашқы медициналық көмек көрсеткен жедел жәрдем бригадасына, ауырсыну синдромын жеңуге көмектесіп, өте қажет болған кезде психологиялық қолдау көрсеткен Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасының қабылдау бөлімінің дәрігері Нұрлан Жұматаевқа, сондай-ақ, отаны жоспарлауға және тексеруден өтуге көмектескен Отбасылық денсаулық орталығының учаскелік дәрігері Әлия Қанаповаға шексіз алғысын білдіруде.

«Сіздер күн сайын көптеген адамдардың өмірлеріне араша түсіп келесіздер. Сіздердің жасап жатқан жақсылықтарыңыз екі еселеніп қайтсын. удесіздер. Барлықтарыңызға зор денсаулық, амандық және кәсіби табыс тілеймін», - деп түйіндеді Жазира Тоқтар.



Соңғы жаңалықтар