Десантшылар қалалық жағдайда жауынгерлік іс-қимыл тәсілдерін пысықтады

Елді мекендерде ұрыс жүргізудің ерекшелігі - жеке құрамның даярлық деңгейінің жоғары болуын талап етеді. Осыған байланысты оқу-жаттығу барысында әскерлер қызметінің аталған бағытына ерекше назар аударылды.
Оқу-жаттығудың жоспары бойынша барлау, артиллериялық, инженерлік-саперлік бөлімшелердің және ұшқышсыз басқарылатын құрылғылардың есептоптарымен күшейтілген десанттық-шабуылдау батальоны құрамындағы батальондық тактикалық топ арнайы операциялар күштері және Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен бірге іс-қимыл жасай отырып, бандалық топтар басып алған елдімекенді азат ету тапсырмасын орындады.
Аумақты барлағаннан кейін десантшылар армия авиациясындағы тікұшақтар тобының көмегімен шартты қарсыласты айналып өтіп, оған оқ жаудырды.
Инженерлік-саперлік бөлімшелер ғимараттарға кіретін жолды, азат етілген нысандарды минадан тазартып, негізгі күштердің алға жылжуын қамтамасыз етті.
Барлық ғимараттарды алған соң Ұлттық ұлан бөлімшелері жұмысқа кірісті. Олар елді мекенді тазартып, қоғамдық тәртіпті сақтау шараларын ұйымдастырды.
Оқу-жаттығудың белсенді кезеңіне қатысқан ҚР Қорғаныс министрі, генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов әскери қызметшілердің даярлық деңгейін бағалап, оқу-жауынгерлік тапсырмаларды бірлесіп орындау барысында күштік құрылымдардың өзара іс-қимылын қолдау жөнінде нұсқаулар берді.
Еске сала кетейік, «Батыл Тойтарыс-2022» ведомствоаралық оқу-жаттығуы 6 сәуірден бері жүріп жатыр.