Дэвид Кэмерон ресми сапармен Қырғызстанға барады

АСТАНА. KAZINFORM — 22-23 сәуірде Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Лорд Дэвид Кэмерон қырғыз әріптесінің шақыруымен Қырғызстанға ресми сапар жасайды.

Дэвид Кэмерон
Фото: daryo.uz

Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, кездесу барысында екі елдің сыртқы істер ведомстволарының басшылары келіссөздер жүргізіп, екіжақты қырғыз-британ ынтымақтастығының перспективаларын талқылайды.

Сапар бағдарламасына Дэвид Кэмерон мен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаровтың кездесуі кіреді.

Бұған дейін Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Дэвид Кэмеронның Тәжікстанға сапары хабарланған болатын.