19:56, 13 Қараша 2023 | GMT +5
Дэвид Кэмерон Ұлыбританияның сыртқы істер министрі болды
Ұлыбританияның жаңа сыртқы істер министрі болып бұрынғы премьер-министр Дэвид Кэмерон тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Британ үкіметіндегі өзгерістер аясында бұрынғы СІМ Джеймс Клеверли Суэлла Браверманның орнына ішкі істер минстрі болып тағайындалды.
Суэлла Браверманның даулы мақаласы үшін қызметінен кеткенін хабарлаған болатынбыз.
Дэвид Кэмерон 2010-2016 жылдар аралығында Ұлыбританияның премьер-министрі қызметін атқарды.
Осы уақыт ішінде Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығуы туралы пікірталас басталды.
Кэмеронның өзі Brexit-ке қарсы болды, бірақ британдықтардың 51,9% Brexit-ті қолдаған кезде ол отставкаға кетті.