Дэвис кубогі: Болгариямен матчта Тимофей Скатов Қазақстанды алға шығарды

София қаласында Дэвис кубогінің плей-офф матчында Қазақстан мен Болгария құрамалары ойнап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: Қозоғистон теннис федерациясидан олинган

Алғашқы болып Қазақстанның екінші, әлемнің 123-ракеткасы Тимофей Скатов пен дүниежүзілік рейтингте 179-орында тұрған Димитар Кузманов кортқа шықты.

Бірінші партияда корт иесі 6:3 есебімен басым түсті. Екіншісінде Т. Скатов 3:0 есебімен алға кеткенімен, болгариялық спортшы таразы басын теңестірді. Дегенмен, Тимофей мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4.

Содан кейін шешуші, үшінші сетте бәсекені жеңіспен түйіндеді – 6:3.

Екі сағат 47 минутқа созылған кездесу барысында Т. Скатов 12 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды. Қарсыласы 2 эйс, 4 брейкпен көзге түсті.

Осылайша, есеп – 1:0, Қазақстан пайдасында.

Бүгін енді Александр Бублик пен Янаки Милев шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аружан Сағындықованың Тунистегі турнирдің жартылай финалына өткенін жазған болатынбыз.

Юлия Путинцева Жапониядағы жарыстың финалында есе жіберді.


Соңғы жаңалықтар