Дэвис кубогі: Қазақстан - Болгария матчында есеп қысқарды

София қаласында Дэвис кубогінің плей-офф матчында Қазақстан мен Болгария командалары шеберлік байқасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: ktf.kz

Екінші күні жұптық сында корт иелерінен Александр Донски - Александр Лазаров, Қазақстаннан Александр Бублик пен Александр Недовесов шықты.

Қазақстандықтар бұл бәсекенің фавориті саналғанымен, сәтті ойнай алмады. Осылайша, 3:6, 3:6 есебімен қарсыластарына жол берді.

Қазақстан - Болгария матчында есеп қысқарды – 2:1.

Енді жеңімпаз мәселесі қалған екі кездесуде шешіледі. Александр Бублик Димитар Кузмановпен, Тимофей Скатов Янаки Милевпен сынға түседі. Қазақстандықтарға бір жеңіс болса, жеткілікті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дэвис кубогінде Александр Бубликтің есепті 2:0-ге жеткізгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, Аружан Сағындықова Тунистегі жарыстың финалына шықты.

Жібек Құламбаева Солтүстік Македониядағы турнирдің чемпионы атанды.


Соңғы жаңалықтар